Полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
5 қазан, 2024
Фото: polisia.kz
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.
Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген, - делінген хабарламада.
Ұсталған адам қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады