Астанада 29 қараша күні қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Елорда тұрғындары дауыс беретін сайлау учаскесін қазірден бастап біле алады. Осы мақсатта онлайн сервистер мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап
Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады
Өз сайлау учаскеңізді келесі тәсілдермен білуге болады:
• sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
• Telegram желісіндегі «Сайлау Астана» чат-боты арқылы;
• 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.
Айта кетейік, сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.
Еске салсақ, Астанада екі ірі медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын.