Астанада Ш.Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Бүгін, 10:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Ш.Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Ш.Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 25-29 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.