Жылу үшін төленген 1,2 млрд теңге қазақстандықтарға қайтарылады
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025-2026 жылдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеді.
Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
Астана қаласы - 460,67 млн теңге;
Алматы қаласы - 57,77 млн теңге;
Шымкент қаласы - 38,50 млн теңге;
Абай облысы - 0,27 млн теңге;
Алматы облысы - 12,70 млн теңге;
Ақмола облысы - 13,98 млн теңге;
Атырау облысы - 22,09 млн теңге;
Ақтөбе облысы - 11,03 млн теңге;
Шығыс Қазақстан облысы - 298,56 млн теңге;
Жамбыл облысы - 26,06 млн теңге;
Батыс Қазақстан облысы - 1,82 млн теңге;
Қостанай облысы - 25,69 млн теңге;
Қызылорда облысы - 42,21 млн теңге;
Маңғыстау облысы - 161,60 млн теңге;
Павлодар облысы - 29,11 млн теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы - 14,59 млн теңге;
Түркістан облысы - 0,37 млн теңге.
Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Сонымен қатар, Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды.
Қосымша сұрақтар бойынша тұрғындар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне хабарласа алады.
Астана қаласы бойынша - (7172) 57-50-28.
Еске сала кетсек, Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын.