Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге үстемеақы төленбей келген

Бүгін, 13:41
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге үстемеақы төленбей келген
фото: Оңалхан Өнерхан

Целиноград ауданының прокуратурасы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге заңнамада көзделген жалақыға үстемеақылар төленбегені анықталды.

Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге тиісті үстемеақылар белгіленіп, 2,1 млн теңге төленді.

Осылайша, 107 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Прокуратура азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын қаперге берді. 

Еске салайық, бұған дейін еңбек шарты жұмыскердің еңбек құқығын тиімді қорғаудың негізгі тетігінің бірі екенін жаздық.