Бексұлтан Құлмырза дзюдодан Азия Пара ойындарында топ жарды

Бүгін, 14:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бексұлтан Құлмырза дзюдодан Азия Пара ойындарында топ жарды
Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақтың финалында Ким Донхунды иппонмен жеңді. Осылайша Бексұлтан Құлмырза алтын жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Ғалымжан Смағұлұлы осы санатта 81 келіге дейінгі салмақта Иран өкілі Реза Голамиді жеңіп, қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті. Нәтижесінде Даяна қола жүлде үшін өткен белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.

Айта кетейік, қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында төрт алтынды қоса есептегенде, 20 медаль бар.