«102» арнасына көлге жасөспірімнің батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен бойда жамбылдық патрульдік полиция қызметкерлері Маханбет Шаянбаев пен Қасымхан Қалаубек жедел оқиға орнына жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар ойланбастан суға секіріп, 16 жастағы жасөспірімді аман алып қалды.
Белгілі болғандай, жасөспірім балық аулау кезінде көлге абайсызда құлап, тасқа ілініп қалғандықтан, өздігінен жағаға шыға алмаған.
Құтқарылған жасөспірім жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.
Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге жедел әрекеті мен батылдығы үшін алғыс білдірді.