Заң органы студенттердің негізсіз оқудан шығып қалуының алдын алды
15 наурыз, 2025
Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Ақмола облысының прокуратурасы университеттерде оқып жатқан 116 студенттің негізсіз оқудан шығару қаупінің алдын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жергілікті атқарушы органның 116 студенттің оқу ақысына байланысты медициналық университеттерге 72,7 млн теңге көлемінде кредиторлық берешегі қалыптасқаны анықталды.
Аталған берешек 2024 жылдан бастап жиналған, ал бұл студенттердің негізсіз оқудан шығарылуына әкелуі мүмкін еді.
«Қадағалау актісі бойынша берешек толық өтелді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде 116 студенттің құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген