Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты И. есімді азаматшаға қатысты айыптау үкімін жариялады. Әйел қоғамдық тәртіпті аса өрескел түрде бұзды, қоғамға айқын құрметсіздік білдіріп, әуе кемесінің бортында азаматтарға күш қолданумен ұштасқан қылмыс жасады деп айыпталған еді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Сот анықтағандай, И. ұшақта екі бортсеріктің қызметіне наразылық білдірді. Жолаушы қоғамдық тәртіпті аса өрескел түрде бұзып, қоғамға айқын құрметсіздік танытты. Ол екі бортсеріктің денсаулығына зиян келтірмей және қысқамерзімді денсаулық бұзылуына әкеп соқпайтын күш қолданған.
Сотталушының кінәсі оның мойындау көрсетулерімен, жәбірленушілердің айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Аталған дәлелдемелер тараптармен дау тудырмаған және сот отырысында оларды зерттеуді тараптар талап етпеген.
Прокурор сотталушы И.-ға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұрады.
Жәбірленушілер О. және А. жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырып, сот жарыссөзінде прокурордың ұстанымымен келісті және азаматтық талаптарды қанағаттандыруды сұрады.
Сотталушы И. кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды өтінді.
И. азаматшаның бұрын сотталмағанын, алғаш рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын, ірі немесе аса ірі залалдың болмауын, жеңілдететін мән-жайлардың барын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот оған ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сондай-ақ И.-ға тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында нашақорлықтан емдеу түріндегі мәжбүрлеп медициналық сипаттағы шаралар тағайындалды.
Сотталушы И.-дан жәбірленушілер О. және А.-ның әрқайсысының пайдасына 1 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу өндірілді.
Сондай-ақ сотталушы И.-дан мемлекет кірісіне сараптамалар жүргізуге байланысты процессуалдық шығындар және жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына мәжбүрлі төлем өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұшақта қызметкерлерге күш қолданған әйелдің бас бостандығы 4 жылға шектелді
30 желтоқсан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
3 қараша, 2026
ТЖМ ескертеді: Қуаттағыш құрылғылар өртке себеп болуы мүмкін
3 қараша, 2026
ІІМ: Жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді
3 қараша, 2026
Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан үш адам көз жұмды
3 қараша, 2026
Ақтау портында МАЗ жүк көлігі тепловозбен соқтығысты