Үкімет 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Бүгін, 10:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкімет 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады
Фото: primeminister.kz

Қарау қорытындысы бойынша Үкімет Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, сондай-ақ 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бюджет қаражатын барынша тиімді әрі уақтылы пайдалануды қамтамасыз ету, ағымдағы шығыстардың ұлғаюына жол бермеу, сондай-ақ шығыстарға қатаң бақылау орнату өте маңызды. Талқылауларды ескере отырып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдауды ұсынамын», - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет аппаратымен бірлесіп Құрылтайға заң жобасын енгізу тапсырылды.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.

Еске сала кетейік, 2029 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтері $70,6 млрд-қа дейін ұлғаяды.