Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық және стратегиялық серіктестік байланыстарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Токио губернаторы Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жапон саясаткерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан еңбегін жоғары бағалады.
Бұған дейін Токио губернаторы Қазақстанды Орталық Азиядағы басты хабқа теңегенін жаздық.