Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 наурыз, 2026
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 03:06
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі
Бүгін, 02:14
Президент: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
15 наурыз, 2026
Қазақстан халқы референдумда ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі
15 наурыз, 2026
Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары