Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.