Теннисші Әмір Омарханов Мексикадағы жарыста жеңімпаз атанды
2 желтоқсан, 2024
Фото: ktf.kz
Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Жарыста қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды.
Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жетті.
Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.
Жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
31 шілде, 2026
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
31 шілде, 2026
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
31 шілде, 2026
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады