Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтаруды жалғастырып жатыр.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7 300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды. Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылды.
Ведомтсовның мәлімдеуінше, өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмысын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.
Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды
9 наурыз, 2026
Фото: СІМ
Ұқсас жаңалықтар
2 қараша, 2026
Берік Беркімбаев БРИКС форумында парламентаралық байланысты кеңейту мәселесін көтерді
2 қараша, 2026
Тель-Авивтегі бизнес-форумда Қазақстан мен Израиль арасында жеті меморандумға қол қойылды
2 қараша, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
1 қараша, 2026
Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты