Құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді
1 қаңтар, 2025
Фото: ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«31 желтоқсанда ТЖМ күштері 88 өрттер мен жану оқиғаларына, 70 іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға барды. Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Елімізде «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
31 шілде, 2026
Тамыз айында қайда баруға болады: елдегі ірі туристік іс-шаралардың тізімі
31 шілде, 2026
Антифрод-орталық екі жылда 117 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді
31 шілде, 2026
Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарына бірыңғай қағидалар енгізілді