Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық ісін тергеу жеделдетілді
Шымкент қаласында прокуратура, сот және Сот сараптамалары институты арасында өзара тиімді іс-қимыл жолға қойылып, қылмыстық қудалаудың жеделдігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомствоның түсіндіруінше, аталған механизм аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық және есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық теріс қылықтар 1 тәулікте сотқа жолданады.
«Мәселен, қала тұрғыны отбасылық жанжал барысында жұбайына күш қолданған. Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысы алынып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс материалдары сол күні сотқа жолданды», делінген хабарлдамада.
Енгізілген тәртіптің нәтижесінде аталған санаттағы 30 қылмыстық іс 24 сағат ішінде сотқа жолданды.
Еске сала кетсек, Астанада ажырасқан әйелінің мазасын алған сталкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.