Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталуға жақын
13 желтоқсан, 2024
Фото: freepik.com
Алматы облысының прокуратурасы Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомстводан мәлім еткендей, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар Қ.Нұрымовтың үйін өртеу және Н.Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды