Республика бойынша 400 жол белгіcі қажет – Ішкі істер министрінің орынбасары
15 қыркүйек, 2025
Фото: Freepik.com
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысында білім беру нысандарының маңына қажетті жол инфрақұрылымдарын орнатуды қадағалау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұл мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Мектептердің жанында 54 жаяу жүргіншілер бағдаршамы, 1 мыңнан астам жасанды кедергі, 8 мыңға жуық жол белгісі мен ақпараттық панно, 180 шақырым қоршау орнатылып, 248 автотұрақ салынған.
«Алайда, республика бойынша әлі де 70 реттелетін жаяу жүргіншілер бағдаршамы, 350-ге жуық жасанды кедергі және 400 жол белгісі қажет», - деді Игорь Лепеха.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Аида Балаева көші-қон саясатына енгізілген жаңа тәсілдерді түсіндірді
29 сәуір, 2026
Олжас Бектенов фармацевтикалық өнім өндірісін ұлғайтуға назар аударды
28 сәуір, 2026
ЖИ технологияларын пайдалануға қатаң бақылау орнатылады
28 сәуір, 2026
Олжас Бектенов: Цифрландыру және ЖИ жобаларына басым қолдау көрсетілуі тиіс