Референдумда жаңа Конституцияны 7,9 млн қазақстандық қолдады

Референдумда жаңа Конституцияны 7,9 млн қазақстандық қолдады
Фото: ҚТЖ

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz  комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОРК ұсынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар 12 482 613 Қазақстан азаматы тіркелген.

«Референдумға қатысуға құқығы бар 9 127 192 азамат дауыс беруге қатысты немесе 73,12 %. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адам немесе 87,15 %», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректері бойынша референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған.