ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенін таныстырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау бюллетенінде саяси партиялар мынадай ретпен орналасқан:
«Әділет» партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
Қазақстан Халық партиясы;
«Ауыл» партиясы;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
«Respublica» партиясы.

Онда мынадай ескертпе берілген: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгіленбеген үлгідегі; тиісті сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған; бір саяси партиядан артық белгіленген; белгі қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау іздері бар, сондай-ақ сайлаушының ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетень жарамсыз деп танылады.