Қостанай облысында үшем дүниеге келді
30 қаңтар, 2026
Фото: ДСМ
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бұл соңғы үш жылдың ішінде облыста тіркелген алғашқы жағдай, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
31 жастағы келіншек дүниеге үш қызды әкелді. Жаңа туған екі сәбидің салмағы - 2 600 грамм, үшіншісінің салмағы – 2 300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр.
Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық.
Айта кетерлігі, Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында тағы үш ұлы бар. Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет емделіп, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, Астанада Жаңа жыл түні 22 сәби дүниеге келді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцина не үшін қажет - маман түсіндірмесі
2 тамыз, 2026
Заманауи зертханалық жабдық: АИТВ инфекциясын диагностикалаудың сенімді негізі
1 тамыз, 2026
Дәрігерлерге арналған үй және 130 грант: Ұлытау облысында медицина мамандарын қолдау күшейтілді
30 шілде, 2026
Жаңа туған сәбилерге көмек: Қазақстан өңірде көшбасшы атанды