Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды
9 желтоқсан, 2025
Фото: видеодан скриншот: Үкімет отырысы
ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.
«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады», - деді Нұрлан Сауранбаев.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
1 тамыз, 2026
Қазақстанда білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік басым бағыттар ретінде айқындалған
31 шілде, 2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
31 шілде, 2026
Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті