Қазақстан көркем гимнастшылары Әлем кубогында өнер көрсетеді
14 сәуір, 2026
Фото: ҰОК
Көркем гимнастикадан Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметінше, жарыста Қазақстан жекелей бағдарламада екі спортшымен өнер көрсетеді.
Құрама сапында Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева бар.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева бұған дейін Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде екі күміс және екі қола медаль иеленген болатын.
Еске салсақ, астаналық көркем гимнастика шеберлері Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем кубогының екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, елге күміс жүлдемен оралды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
31 шілде, 2026
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
31 шілде, 2026
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
31 шілде, 2026
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады