Елде ұн мен көкөністердің экспорттық тасымалы артты

Бүгін, 14:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елде ұн мен көкөністердің экспорттық тасымалы артты
Фото: АШМ

Биыл 10 айда ұлттық тасымалдаушы желісі бойынша 7% өсіммен 2,4 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды. Оның ішінде экспортқа 2 млн тоннасы жөнелтілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде Орталық Азия елдеріне 734 мың тонна тасымалданды. Ал Қытай Халық Республикасына құрама жем экспорты 32% артып, 3,4 млн тоннаға жетті.

ҚТЖ мәліметінше, биылғы егін жинау маусымының басталуымен тасымалдау бұдан да көбейе береді. 

Сондай-ақ, көкөністерді, оның ішінде картопты тасымалдау 53% ұлғайып, 478 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 463 мың тоннасы жөнелтілді. Негізгі көлемі Өзбекстанға – 349 мың тонна және Тәжікстанға 54 мың тонна жеткізілген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Израильге 500 мың тоннаға дейін бидай жеткізуді ұсынғаны туралы жаздық.