Референдум-2026

Қазақстан дзюдодан Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

28 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан дзюдодан Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанов (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанәділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.