Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады, - делінген хабарламада.



Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады. Республикалық партиядан сайланған сенатормен кездесуде қазақ-америка қатынастарын нығайтуға парламенттік дипломатияның қосқан үлесі талқыланды.