Референдум-2026

Қара домбыраның үні ешқашан өшпесін – Нұрлан Бекенов

Қара домбыраның үні ешқашан өшпесін – Нұрлан Бекенов
Фото: instagram.com/kazakorkestr_astana

Қазақ оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекенов Ұлттық домбыра күніне орай қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, ұлттық аспаптың ұлт руханиятындағы орнына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Өнер қайраткері домбыраның қазақ халқының асыл мұрасы әрі баға жетпес қазынасы екенін атап өтті.

«Домбыра күні баршаңызға құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Асыл мұрамыз, асыл қазынамыз – қара домбыраның үні ешқашан өшпесін. Еліміз өркендеп, өнеріміз асқақтай берсін», – деді Нұрлан Бекенов.

Сөз соңында дирижер барша қазақстандықтарға Ұлттық домбыра күніне орай ізгі тілегін білдіріп, қазақтың қасиетті қара домбырасы ұлт рухын асқақтата беруіне тілектестік білдірді.