Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады
16 мамыр, 2025
Фото: Elordainfo.kz
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Брифинг барысында журналистер төрағаға «Жастар мен мемлекет үшін жобаның маңыздылығы қандай?» деген сауал қойды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз мемлекеттік басқаруға жастарды тартуымыз керек. Сол себепті мен Президенттік жастар кадр резерві жобасын ұсынамын» деп айтты. Содан бастап жастар осы жобаға қатысып жатыр. Қазіргі цифрлық заманда заманауи білімі бар, білікті мамандар мемлекеттік қызметте әрқашан қажет», - деді төраға.
Ұқсас жаңалықтар
30 шілде, 2026
Елімізде биылғы I тоқсанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты
29 шілде, 2026
Алаяқтар қалай қарызға батырады: FinGramota ең көп таралған екі интернет-схеманы түсіндірді
29 шілде, 2026
Қоныс аудару бағдарламасы: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі
27 шілде, 2026
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жасады