Президент Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
23 ақпан, 2026
Фото: akorda.kz
Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
8 мамыр, 2026
ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді
7 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады
6 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әсем Орынбайды тарихи жеңісімен құттықтады