Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады.
Еске салайық, бұдан бұрын Мемлекет басшысы «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға барғанын хабарладық.