Полицейлер елордалықтан 100-ден астам «бір реттік» есірткі дозасын тәркіледі
Елорда тұрғынынан жалпы салмағы бір келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы полиция ддепартаментіне сілтеме жасап.
Полиция есірткіні жедел-профилактикалық іс-шара барысында 28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтан тапты. Есірткі алдын ала бөлшектеліп пластик түтікшелерге салынған. 100-ден астам каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де жабдықтар тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елорда полициясы есірткіні сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Еске сала кетсмек, елордада есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді.