Бүгін таңертең Ақмола облысы Софиевка ауылында жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған гаражда өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру жасақтары дереу сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында қауіпті аймақтан 5 газ және 1 көмірқышқыл баллондары шығарылды, бұл жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ құтқарушылар гараждан жеңіл автокөлік пен квадроциклді уақытылы шығарып, олардың өрттен жойылуына жол бермеді», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.