Тауда адасып қалған төрт адамға құтқарушылар көмек көрсетті

Тауда адасып қалған төрт адамға құтқарушылар көмек көрсетті
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Медеу ауданында, Бутаков сарқырамасы маңында төрт адам таудан түсу кезінде адасып қалған. Олар теңіз деңгейінен 2400 метрден астам биіктікте болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туристерге Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары көмек көрсетіп, оларды Қотырбұлақ шатқалы арқылы автожолға дейін алып түсті.

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін олар өз беттерінше үйлеріне қайтты.