Елордада жазғы маусымның жабылуына орай бұқаралық жүгіру өтеді

Бүгін, 18:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада жазғы маусымның жабылуына орай бұқаралық жүгіру өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 10 қазан күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жазғы жүгіру маусымының жабылуына арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық іс-шара Триатлон паркінде өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты еңсереді. Жарысқа 16 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Қатысушылар саны 1 800 адаммен шектеледі.

Жүгіру сағат 09:00-де басталады.

Іс-шараға қатысу үшін тіркеу 8 қазанда сағат 09:00-де басталады. Оған reg.elordasport.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Старт нөмірлерін беру 9 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Триатлон паркінде өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыс өтетін 10 қазан күні офлайн тіркеу жүргізілмейді. Стартқа тек алдын ала тіркелген қатысушылар жіберіледі.