Қызылордада сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Бүгін, 12:39
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қызылордада сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды
фото: Elordainfo.kz

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы мен осы соттың судьясына қатысты үкім шықты. Қос судья да 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкім 2026 жылғы 18 қыркүйекте жарияланды. Аталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«2026 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Абдықалықов пен судьясы С. Бертаға қатысты үкім шығарылып, олар 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтарда екі фигурант та ірі көлемде пара алу фактісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тарапынан ұсталған болатын.

Еске салайық, ҰҚК маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді.