Референдум-2026

Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды

Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды
Фото: Астана әкімдігі

Елордада 6 шілде күні «Астана Арена» стадионында Open Air концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қосымша 60 автобус желіге шығарылып, келесі бағыттардағы автобустар саны артады:
Қала орталығы бағытында: №10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67 және №501.

Әуежай бағытында: №10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67, №302, №303, №308, №309 және №501.

Жол ақысы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектепке арналған жол жүру карталары бұрынғыдай қолданыла береді.

Жолаушылар легі көбейетіндіктен, жол жүру жоспарын алдын ала құрған жөн.