Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Сурет: ЖИ

Бүгін – 16 наурыз Наурызнама онкүндігінің Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті ұлықтау – қоғамдағы өзара сенім мен ынтымақтастықты, бірлік пен татулықты нығайтатын маңызды құндылық.

Бұл күн ата-бабаларымыздан жеткен рухани, мәдени және тұрмыстық мұраны тереңірек танып, ұлттық болмысты дәріптеуге мүмкіндік береді.

Осы күні ұлттық бірегейлікке мән беріліп, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ынтымағы насихатталады.

Сонымен қатар еліміздің әр өңірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, жазушылардың шығармашылық кездесуі, суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері өткізіледі.

Тарихымызға үңіліп, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізден тағылым алғысы келген жандар үшін Наурызнаманың үшінші күні мәні мен мазмұны терең ерекше мерекелік күн.