Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ
13 мамыр, 2025
Фото: Freepik
Бүгін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық астық экспортының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр бидай мен ұн экспорты жоспар бойынша жүріп жатқанын және шетелдерге жеткізілімдердің ұлғаюы байқалып отырғанын атап өтті.
«Біз Ауғанстанға экспортты төмендеткен жоқпыз, керісінше арттырдық. Өзбекстанға астық пен ұн экспорты артып келеді. Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті. Сонымен қатар біз жаңа нарықтарға жол ашудамыз. Мароккоға 60 мың тонна жөнелтілді, тағы 60 мың тонна жоспарланған. Қазір Вьетнамға 15 мың тоннаны жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Кеше Парсы шығанағына – Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы партияны жібердік», -деді Айдарбек Сапаров.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Елімізде Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
30 сәуір, 2026
Азық-түлік бағаларын бақылауда жасанды интеллект технологиялары пайдаланылып жатыр - министрлік
29 сәуір, 2026
Дүйсенбіден бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер жұмыс іске кіріседі
29 сәуір, 2026
Air Products компаниясы Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге ниетті