Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды
22 тамыз, 2025
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.
Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.
Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Президент: Жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек
1 мамыр, 2026
Президент Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
29 сәуір, 2026
Тоқаев Лукашенконы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды
24 сәуір, 2026
Президентке Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді