Көктемгі егіс жұмыстарына 402 мың тоннадан астам дизель бөлінді
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол 2026 жылғы қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2026 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге «2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 402,2 мың тонна дизель отынын беру графигін» бекіткенін атап өтті.

Өңірлердегі дизель отынына Энергетика министрлігі ұсынатын ағымдағы баға литріне 263 теңге болады. Түпкілікті бағаны өңірлік оператор белгілейді, ол литріне 281 теңгені құрайды, бұл литріне 49 теңгеге арзан немесе автожанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан 15%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар: жеке ПИН-кодтар белгіленді; дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу; электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру.
«Нәтижесінде нақты іріктеу 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін немесе 127 мың тоннаға немесе 21 %-ға азайды. Бұл практиканы жалғастыру ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді», - деді Ерлан Ақкенженов.
Ведомствоның мәліметінше, ақпан-сәуір аралығындағы кезеңге 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тонна немесе 51 % дизель отыны тиеп-жөнелтілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.
Еске салсақ, егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде.