Бектенов негізгі энергия нысандарына цифрлық түгендеу жүргізуді тапсырды

6 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов негізгі энергия нысандарына цифрлық түгендеу жүргізуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов энергия жүйесін цифрландыру деңгейін арттыру және энергия нысандары жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жаңа жобалар салаға толассыз телеметрияның, интеграцияланған деректер мен талдау құралдарды енгізуге бағытталғаны атап өтілді. 

«Энергия жүйесі болжамды цифрлық алгоритмдер негізінде басқару қағидатына көшуі тиіс. Бұл әртүрлі жағдайларға қарсы шұғыл әрекет етуге, апаттардың алдын алуға және энергия нысандары жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Премьер-министр. 

Осыған байланысты Энергетика министрлігіне деректерді Energy Command Center-ге шығарып, саланың негізгі нысандары мен ақпараттық жүйелерін бірыңғай цифрлық контурға біріктіру тапсырылды.

Сонымен қатар ведомство осы жылдың соңына дейін негізгі нысандарға цифрлық түгендеу жүргізіп, салалық деректердің құрамына, сапасы мен берілуіне қойылатын бірыңғай талаптарды бекітеді.

Еске салсақ, бұған дейін Олжас Бектенов цифрландыру нақты экономикалық нәтиже беруі тиіс екендігін айтты.