Елде жол жөндеу жобаларында 10 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді

Бүгін, 13:16
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елде жол жөндеу жобаларында 10 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді
Фото: Көлік министрлігі

Прокурорлық қадағалау шараларымен республикалық автожолдарды жөндеуге бөлінген 9,8 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. 

Жол жобаларын зерделеу барысында «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автожолын орташа жөндеу кезінде оның жекелеген учаскелері «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолын жоспарланған реконструкциялау жұмыстарымен де қамтылғаны анықталды.

Осыған байланысты прокурорлық ден қою шаралары бойынша жұмыс көлемдері қайта қаралып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге үнемделді.

Басқа жағдайда «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автожолын күрделі жөндеу кезінде сметада жекелеген материалдар мен жұмыстарға дұрыс емес бағалар көзделген.

Прокуратураның ұсынуы негізінде сметалық құн қайта есептеліп, жоба құны 21,6 млрд теңгеден 18,9 млрд теңгеге дейін төмендетілді.

Жол саласындағы бюджет қаражатының жұмсалуына қадағалау жалғасуда.