Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін, 01:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс берушілер тізіміне енгізілген 12 461 796 азаматтың 73,24 пайызы референдумға қатысқан.

Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, референдумға қатысқандардың басым көпшілігі жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған:

– Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректері бойынша – 86,7%;

– «СОЦИС-А» әлеуметтік және саяси зерттеулер институты жүргізген сауалнама бойынша – 87,4%;

– Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша – 88,6%.