Евгений Цой: Қазақстандағы береке мен бірлік – болашаққа деген нық сенімнің негізі
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күнтізбедегі жай ғана дата емес, бұл тарихи сабақтастықтың, ұлттық бірліктің және қоғамдық келісімнің маңызды символы. Бұл туралы Қазақстандағы корейлер қауымдастығы Астана филиалының төрағасы Евгений Цой айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Ол сондай-ақ бүгінгі мереке ұрпақтарды біріктіріп, бейбітшілік, тұрақтылық және өзара құрмет секілді құндылықтардың қаншалықты қымбат екенін еске салатын күн екенін атап өтті.
«Бүгінгі мереке сіз бен біз өмір сүріп жатқан еліміздің жүріп өткен жолын, яғни, мемлекеттілікті нығайту, азаматтық қоғамды дамыту және түрлі ұлттар, мәдениеттер мен дәстүр өкілдері тату-тәтті өмір сүретін орта қалыптастыру жолын айшықтайды. Осы құныдылықтың ішінде біздің тұрақтылығымыз, күшіміз және болашаққа деген сеніміміз жатыр. Бүгін сондай-ақ біз «келісім» сөзінің қадір-қасиетін барынша терең ұғамыз. Себебі, бұл ұғым өздігінен пайда болған жоқ. Ол күнделікті еңбектің, өзара сыйластықтың, бір-бірін тыңдай білу мен түсінуге дайын болудың нәтижесі.
Келісім – бұл тек бейбіт өмір сүру ғана емес, сонымен қатар әртүрлі пікір мен көзқарасты құрметтеу, ортақ мақсат жолында бірігу, қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсету мәдениеті. Ол қоғамдағы тұрақтылықтың, сенімнің және өзара жауапкершіліктің берік негізі. Осындай құндылықтың арқасында елімізде бейбітшілік пен татулық сақталып, адамдар арасында сенім артып, ортақ дамуға деген ұмтылыс күшейе түседі. Келісім бар жерде даму бар, ал даму бар жерде болашаққа деген сенім нығаяды. Сондықтан да бұл ұғымды сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Себебі келісім – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің басты кепілі», - деді Евгений Цой.
Ол сондай-ақ барша қазақстандықтарды бірлік күні мересімен құттықтады.
«Бұл күн әрқайсымыздың ортақ үйімізге, елімізге және келер ұрпаққа деген жауапкершілік сезімімізді күшейтсін. Ол игі істерге шабыт беріп, жүректерді біріктіріп, тек бірге ғана үлкен мақсаттарға жете алатынымызды еске салсын. Бірлігіміз мәңгі болсын, ынтымағымыз арта берсін! Мереке құтты болсын», - деп ағынан жарылды Евгений Цой.