Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты
28 тамыз, 2024
фото: Polisia.kz
Тек соңғы айда елордада криминалистер «ізін суытпай» 23 велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана тұрғыны Skillmax велосипедін үйдің ауласында қалдырып, пәтеріне көтерілген. Сол маңда өтіп бара жатқан қаскүнем мұны пайдаланып, трос-құлыпты кесіп, көлік құралын ұрлап кеткен.
Криминалистер инновациялық технологияларды қолдана отырып, сол күні-ақ күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған кезде ер адам ұрланған велосипедпен жүрген. Полицейлер жәбірленушіге мүлкін қайтарып берді.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген