Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы автобустар қатынайтын болады
3 қыркүйек, 2024
Фото: gov.kz
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:
1. «Астана Арена» тұрақ аймағы;
2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы;
3. «ЕХРО» тұрақ аймағы.
Астана тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:48
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
Бүгін, 15:59
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Бүгін, 15:43
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
Бүгін, 15:19
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды