Қазақстанда алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңі өтеді
29 шілде, 2025
Фото: olympic.kz
Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірінші кезең Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады.
Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады.
Әлем кубогының барлық кезеңдерінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
31 шілде, 2026
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
31 шілде, 2026
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
31 шілде, 2026
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады