Қайтарылған активтер: 63 зергерлік бұйым аукционға шығарылды
18 ақпан, 2025
фото: freepik.com
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады:
4 наурыз — 15 актив,
5 наурыз — 10 актив,
6 наурыз — 36 актив,
7 наурыз — 2 актив.
Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады?
Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.
БИН – 231040010244.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады