Атырауда 62 жастағы күйеуі әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

16 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Атырауда 62 жастағы күйеуі әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

2026 жылғы 16 наурыз күні шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның өліміне күдікті 62 жастағы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтіргені туралы жаздық.